Протокол публичных слушаний 19.05.2025

Талдықорған қалалық мәслихатының

«Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және  жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның

ХАТТАМАСЫ

 

 

Талдықорған қаласы, Жұлдыз шағынауданы, 23                                                                                                  19 мамыр 2025 жыл,

сағат: 10:00

(№15 орта мектеп)

 

Көпшілік тыңдау отырысын жүргізген -  №18 сайлау округінің депутаты, «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және  жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Серік Максимұлы Жансеңгіров.

Хатшы: қалалық мәслихат аппаратының бас маманы – Әлібек Батырбекұлы Келдібек.  

 

Күн тәртібінде:

 

Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

 

Қатысқандар:

Талдықорған қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімдіктің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала, Жұлдыз, Шығыс шағын аудандарының тұрғындары.

 

Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның  көпшілік тыңдау отырысын   С. Жансеңгіров «ашық» деп жариялап, шақырылғандарды күн тәртібімен таныстырды.

 

Сөйлегендер:

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөзді отырыс төрағасы Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Эльмира Кенжеғалиқызы Мұқышеваға берді. Бөлім басшысы 2 көше бойынша баяндама жасады:

 

№

Жаңадан берілетін атауы

 

Көшенің бұрынғы атауы

 

Сипаттамасы

1. 

Есболат Алтынай

Атауы жоқ жаңа көше

Қаланың шығысында

 

2. 

Шаймұқан Мұқанов

Атауы жоқ жаңа көше

Қаланың  шығысында Жансүгіров көшесі мен Ғани Мұратбаев көшелерінің аралығында орналасқан

 

Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Э. М. Мұқышева: Бүгінгі, 2025 жылғы 19 мамырдағы көпшілік тыңдауда Талдықорған қаласының «Шығыс» шағын ауданында орналасқан, ұзындығы 710 метрді құрайтын атауы жоқ жаңа көшеге Есболат Алтынай есімін беру ұсынылуда.

  1. Есболат Алтынай (1923–2021 жж.) – Ақсу ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында теміржол құрамында Германияға дейін жетіп, майданның ауыр да жауапты кезеңдерінен өтті. Жау ұшақтарының бомбалауы кезінде бірнеше мәрте өміріне қауіп төнсе де, өз міндетін табандылықпен атқарды.Ол Днепр өзеніндегі теміржол көпірін қалпына келтіруге, Бас қолбасшының арнайы тапсырмасын орындауға қатысқан. Соғыстан кейін елге аман-есен оралып, бейбіт өмірге араласты. Айта кету керек, ол соғыс кезінде тұтқынға түскен 12 000 неміс әскерін конвойлағаны жайлы естеліктер қалдырған. Марапаты: Отан соғысы ордені ІІ дәрежелі.

Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан «Жұлдыз» шағын ауданындағы І. Жансүгіров пен Ғ. Мұратбаев көшелерінің аралығындағы ұзындығы 620 метр болатын атауы жоқ жаңа көшеге Шаймұқан Мұқанов есімін беру ұсынылады.

  1. Шаймұқан Мұқанов (1921–2015 жж.) – Семей облысы, Абыралы ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде пулеметші, кейіннен 177-ші Любань атқыштар дивизиясының 483-ші полкі құрамында батальон командирі ретінде Волхов және Ленинград майдандарында шайқасты.Соғыстан кейінгі жылдары Талдықорған облысында қалалық және аудандық партия комитеттерінде басшылық қызметтер атқарып, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты. Осы еңбегі үшін Алматы облысының Құрметті азаматы атанды. Марапаттары: «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Александр Невский» ордені, І дәрежелі Отан соғысы ордені, «Құрмет» ордені.

Құрметті қауым, аталған мәселе бойынша белсенді қатысып, өз ой-пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын!

Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар! Көшелерге беріліп отырған тұлғалар жайлы толық ақпарат берілді. Осымен дауыс беруге көшейік.

Ол үшін осында қалалық мәслихат аппаратының бас маманы Келдібек Әлібек Батырбекұлы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Рысбаева Сандуғаш Арнайқызы отыр. Осы азаматтар дауыс санауды жүзеге асырады. Құрметті қатысушылар, қалай дауыс береміз: екі көшеге бірден бе, әлде әр көшені жеке-жеке қараймыз ба?

Тұрғындар барлық көшелерге бірден тізіммен дауыс беруді ұсынды.

Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Жақсы, аталған екі көшеге атау беруді кім қолдайды? Қарсы? Қалыс? Жоқ. Қабылданады.

Депутаттар мен тұрғындар бірауыздан бұл мәселені қолдап, дауыстарын берді.

Отырыс төрағасы, №18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Бүгінгі қаралған мәселе бойынша хаттама бұқаралық ақпарат құралдарында 7 жұмыс күн ішінде жарияланып, қалалық мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімімен облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады.

Тұрақты комиссия төрағасы айтылған ұсыныс әлі де жергілікті атқарушы органмен бірлесе қаралатынын айтып,  отырысты «жабық» деп жариялады.

 

Отырыс төрағасы С. Жансеңгіров

 

Отырыс хатшысы Ә. Келдібек

Протокол 19.05.2025
Дата публикации
23 мая 2025