Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты 2023 жылғы 26 желтоқсанда құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған мүшелердің орнына территориалдық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы хабарлайды.
Осыған байланысты учаскелік сайлау комиссияларының құрамында өз өкілдері жоқ әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, қалалық мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылдың 26 мамырдан бастап 09 маусымға дейін учаскелік сайлау комиссияларына жаңа кандидаттар бойынша мәслихатқа келесідей құжаттарды тапсырады:
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттар электронды және қағаз форматта, қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 26 мамырдан бастап 09 маусымға дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Талдықорған қалалық маслихаты
Ахажан Темірболат Жанболатұлы – Талдықорған қалалық маслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Абай к-сі, 256.
Жауапты қызметкер – Ашимжанова Салтанат Тәңірбергенқызы, каб. № 111, қалааралық телефон коды (87282) 24-09-56, электрондық почта мекен-жайы: tald.gor.maslihat@mail.ru.
|
№ р/н |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесінің орналасқан жері |
Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің саны (орын) |
|
Аумақтық сайлау комиссиясы |
|||
|
1. |
|
Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 272, «Ардагерлер үйі» ғимараты |
2 |
Талдықорған қалалық мәслихаты