Протокол публичного слушания

Талдықорған қалалық мәслихатының

«Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және  жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының

ХАТТАМАСЫ

 

 

 

Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округі, Ынтымақ ауылы,                                                                                                    13 желтоқан 2024 жыл,

сағ: 16:00

(№30 орта мектеп»)

 

 

Көпшілік тыңдау отырысын жүргізген -  №18 сайлау округінің депутаты, «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және  жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның төрағасы Серік Максимұлы Жансеңгіров.

Хатшы: қалалық мәслихат аппаратының бас маманы – Әлібек Батырбекұлы Келдібек. 

         

Күн тәртібінде:

 

Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

 

Қатысқандар:

Талдықорған қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық әкімшілік өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдар өкілдері,  қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және 3-бөлімше, Береке коттедж қалашығының 72 тұрғыны.

 

 

Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысының төрағасы 
С. Жансеңгіров отырысты ашық деп жариялап, шақырылғандарды күн тәртібімен таныстырды.

 

 

Сөйлегендер:

 

Күн тәртібінің мәселесі бойынша отырыс төрағасы Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Эльмира Кенжеғалиқызы Мұқышеваға берді. Бөлім басшысы 11 көше бойынша баяндама жасады:

 

№

Бұрыңғы атауы

Жаңа атауы

                 1  

Оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ 3 көше (3 бөлімше)

 

Көктен Қоңырбайұлы

 

                 2  

№4 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

 

Әріпбай Алыбаев

 

                 3  

№5 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

 

Жұматай Жақыпбаев

 

                 4  

№9 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

 

Көлсай

                 5  

№10 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

 

Ақши

                 6  

№11 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

 

Қызғалдақ

                 7  

№13 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

 

Бурабай

                 8  

№17 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

 

Аманбөктер

                 9  

№18 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

 

Зеренді

             10  

№19 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

 

Жетібай

             11  

№20 жаңа көше

«Береке» тұрғын үй алабы

Жиренкөл

 

Комиссия төрағасы, № 18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров:   Жұматай Жақыпбаев бойынша келесі сөз, Талдықорған қалалық жазушылар одағының өкілі Сұлтанғазы Асылға беріледі.

Талдықорған қалалық жазушылар одағының өкілі Сұлтанғазы Асыл: Жұматай Жақыпбаев (1945-1990) Ақын, жазушы. Алматы облысы, Ескелді ауданы дүниеге келген. Ақын қазақ өлеңіне нәзікте сырбаз сезімге, сырлы сөздерге толы, әсем нақышпен өрнектелген қанық бояулы жырлар әкелді. Жас кезінде оған Тұманбай Молдағалиев: «Жұматай! Сен қазақтың болашақ ұлы ақындарының бірісің!» – деген екен. Олжас Сүлейменов: «Жуматай – истинный и даже редкий поэт!» – деп үлкен баға берген.      

Жұматай Жақыпбаевтың өмірбаяны мен шағармаларына қысқаша тоқталып, баяндама жасап, есімін беруге дауыс беруді қолдауды сұрады.

Комиссия төрағасы, № 18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров:   Әріпбай Алыбаев бойынша Сөз Талдықорған қалалық ардагерлер Кеңесінің өкілі Айдарбек Әбілқасымұлы Жантайлақовқа берілді.

Талдықорған қалалық ардагерлер Кеңесінің өкілі Айдарбек Әбілқасымұлы Жантайлақов: Әріпбай Алыбаев (1926-2008) Қоғам және мемлекет қайраткері. Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Кеген ауданының Меркі ауылында дүниеге келген. Еңбектері жоғары бағаланып, Ленин орденімен, Халықтар достығы орденімен, төрт мәрте Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталған. Ауыл шаруашылық ғылымдарының академиясының академигі.

Әріпбай Алыбаевтың өмірбаянына тоқталып, баяндама жасап, есімін беруге дауыс беруді қолдауды сұрады.

Комиссия төрағасы, № 18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Көктен Қоңырбайұлы бойынша келесі сөз, Арғынғазы Төлеуқасымұлы Сыздықовқа беріледі.

Арғынғазы Төлеуқасымұлы Сыздықов: Көктен Қоңырбайұлы (Би, қобызшы, ұста. (1709-1810). Жетісу өңіріне белгілі тұлға. Ел аузындағы әңгімелерде Абылай ханның үш әулиесінің бірі болған. Көктен Қоңырбайұлы көріпкелдік қасиетіне байланысты «Жалаңаш әулие» атанып, Абылай ханның өзіне қызмет еткен деген аңыз-әпсаналар жиі айтылады).

Көктен Қоңырбайұлы өмірбаянына тоқталып, баяндама жасап, есімін берудің маңыздылығын атап өтті.

Комиссия төрағасы, № 18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров: Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар. Осы көшелерге беріліп отырған тұлғалар, жер-су және дәстүрлі атаулар жайлы толық ақпарат берілді. Осымен сөз сөйлеуді тоқтатып, дауыс беруге көшейік.

Ол үшін осында қалалық мәслихат аппаратының бас маманы Келдібек Әлібек Батырбекұлы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Рысбаева Сандуғаш Арнайқызы отыр. Осы азаматтар дауыс санауды жүзеге асырады.

Комиссия төрағасы, № 18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров:  Құрметті қатысушылар, қалай дауыс береміз: барлық көшелерді тізім бойынша бірден бе, әлде әр көшені жеке-жеке қараймыз ба?

Тұрғындар барлық көшелерге бірден тізіммен дауыс беруді ұсынды.

Комиссия төрағасы, № 18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров:  Жақсы,  аталған 11 көшеге атау беруді кім қолдайды? Дауыс берулеріңізді сұраймын. Қарсы? Қалыс? Жоқ. Қабылданады.         

Депутаттар мен тұрғындар бірауыздан бұл мәселені қолдап, дауыстарын берді.

Комиссия төрағасы, № 18 сайлау округінің депутаты С. М. Жансеңгіров:   Бүгінгі қаралған мәселе бойынша хаттама бұқаралық ақапарат құралдарында 7 жұмыс күн ішінде жарияланып, қалалық мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімімен облыстық ономастикалық комиссияға қарауға ұсынылады.

Тұрақты комиссия төрағасы айтылған ұсыныс әлі де жергілікті атқарушы органмен бірлесе қаралатынын айтып,  отырысты жабық деп жариялады.

 

Комиссия төрағасы                                                       С. Жансеңгіров

 

Комиссия хатшысы                                                       Ә. Келдібек

 

         

        

Протокол публичного слушания
Дата публикации
20 декабря 2024