Талдықорған қаласының Өтенай және Еркін ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы

ЖОБА

 

Талдықорған қаласының Өтенай және Еркін ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы

 

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талдықорған қаласының Өтенай және Еркін ауылдық округтерінің (бұдан әрі – ауылдық округі) жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласының Өтенай және Еркін ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы № 88 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 160231 болып тіркелген) шешімі жойылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Талдықорған қалалық

мәслихатының төрағасы                                               Т. Ахажан

каз
Дата публикации
23 мая 2024