Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының
округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарлайды.
Мәслихат сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы 29 наурызынан бастап 2024 жылғы 28 сәуірге дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған https://www.gov.kz.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңда көзделген округтік сайлау комиссияларын құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылдың 29 наурызынан бастап 2024 жылғы 28 сәуіріне дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін. Талдықорған қаласы, Абай көшесі 256, тел.нөмер: 24-01-84, электрондық пошта мекенжайы - tald.gor.maslihat@mail.ru.
|
№ р/с |
Сайлау округінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|||
|
1. |
№1 |
Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 180, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №25 орта мектебі» КММ ғимараты. |
1 |
|
2. |
№2 |
Талдықорған қ. А. Тыныбаев к-сі, 133, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Н. Островский атындағы №8 орта мектебі» КММ ғимараты |
1 |
|
3. |
№6 |
Талдықорған қ. Абай к-сі, 264, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Нұрғиса Тілендиев ат. балалар музыка мектебі» МКҚК ғимараты. |
1 |
|
4. |
№9 |
Талдықорған қ. І Жансүгіров к-сі, 226, «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ «Талдықорған жоғары политехникалық колледжі» МКҚК ғимараты. |
1 |
|
5. |
№10 |
Талдықорған қ. Қаблиса Жырау к-сі, 211/2, «Жетісу облысы білім басқармасы» ММ "Талдықорған агро-техникалық колледжі» МКҚК ғимараты. |
1 |
|
6. |
№ 13 |
Талдықорған қ., Қонаев к-сі, 51, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Оқушылар сарайы» МКҚК ғимараты. |
1 |
|
7. |
№ 14 |
Талдықорған қ., Қонаев к-сі, 47, «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ММ ғимараты. |
1 |
|
8. |
№ 16 |
Талдықорған қ., «Шығыс» ш/а, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№ 15 орта мектебі» КММ ғимараты |
2 |
|
9. |
№ 18 |
Талдықорған қ. «Қаратал» ш/а, 36а, «Достық үйі» КММ ғимараты. |
3 |
Талдықорған қалалық мәслихаты