Талдықорған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 205 «Талдықорған қаласының ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы»    шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

Талдықорған қалалық мәслихатының

2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 205 «Талдықорған қаласының

ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы»    шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласының ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» 2022 жылғы 28желтоқсандағы № 205 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176772 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:

         «1. 2023-2025 жылдарға арналған Еркін ауылдық округінің бюджеті                            тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 613 551 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер 56 000 мың теңге;

         трансферттер түсімі 557 551 мың теңге, оның ішінде:

         2) шығындар 615 537 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:

         бюджеттік кредиттер 0 теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 986 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 986 мың теңге;

қарыздар түсімі 0 теңге;

қарыздарды өтеу 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 1 986 мың теңге.».

«2. 2023-2025 жылдарға арналған Өтенай ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде      2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 1 095 503 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер 72 000 мың теңге;

         трансферттер түсімі 1 023 503 мың теңге, оның ішінде:

         2) шығындар 1 098 763 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:

         бюджеттік кредиттер 0 теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 3 260 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 3 260 мың теңге;

қарыздар түсімі 0 теңге;

қарыздарды өтеу 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 3 260 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Талдықорған қалалық

мәслихатының төрағасы                                                        Т.Ахажан

каз
Дата публикации
06 октября 2023