Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының           2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 4, 5-тармақтарына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Талдықорған қалалық

мәслихатының төрағасы                                                 Т. Ахажан

 

Дата публикации
07 апреля 2023