GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
28 сентября 2026
Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің назарына

Талас аудандық мәслихатының

ХАБАРЫ 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10,19-баптарына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды.

         Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

         Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

         Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

         Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап 12 қазаны аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

        1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

        2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

        3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

       4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

       Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

       Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

       Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

        Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерінқұру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

        Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

         Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

        Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап 12 қазаны аралығында дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жүзеге асырылады.

Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.

Талас аудандық мәслихатының төрағасы – Садубаев Кадирбек Рыскулбекович

Мәслихаттың орналасқан жері: Қаратау қаласы, Достық алаңы, №1.

Жауапты маман – Құлыбай Дастан Рүстенбекұлы, каб. № 209, қызметтік телефоны: 8(72644) 62511, ұялы телефоны: 8 776 646 54 94, электрондық пошта мекенжайы: talas_maslikhat@mail.kz

 

Талас аудандық мәслихаты округтік  және учаскелік сайлау комиссияларының

 құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлайды

 

Рет саны

Сайлау учаскесінің

нөмірі

Мекен-жайы мен

орналасқан жері

Сайлау комиссиясының  шығып кеткен  мүшелерінің орнына сайланатын мүшелерінің саны

Округтік сайлау комиссиясы

1

№4

Үшарал ауылы, Ә.Сағынтаев көшесі №5, Үшарал ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

2

2

№8

Қаратау қаласы, М.Дулатов көшесі 23,  С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ғимараты

1

3

№10

Қаратау қаласы, А.С.Пушкин көшесі 7,  лицей - мектебінің ғимараты

2

4

№11

Қаратау қаласы, А.Ақшораев көшесі 12,  №1 лицей - мектебінің ғимараты

1

5

№13

Қаратау қаласы, Шахтерлер көшесі 28 В,  Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының ғимараты

2

Учаскелік сайлау комиссиясы

1

№ 391

Аққұм ауылы, Д.Қонаев көшесі №10, ауылдық клубы

3

2

№ 395

Көшек батыр ауылы, Ж.Жабаев көшесі №9,

Жамбыл атындағы орта мектебінің ғимараты

1

3

№409

Қасқабұлақ ауылы, Тәуелсіздік көшесі 4,  ауылдық клуб ғимараты

1

4

№410

Қараой ауылы, Б.Асанбайұлы №32, Бірлестік  орта мектебінің ғимараты

1

5

№412

Қаратау қаласы, М.Дулатов көшесі 23,  С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ғимараты

2

6

№415

Қаратау қаласы, Ә.Ақшораева №16, №1 лицей - мектебінің ғимараты

1

7

№417

Қаратау қаласы, Қ.Қошманбетов көшесі №2, жеке ғимараты

1

 

Заявление образец

Өтініш үлгісі косымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22 сентября 2026
Талас аудандық мәслихатының кезектен тыс 62 сессиясы өтуі жөніндегі хабарлама

Талас аудандық мәслихат депутаттарының

НАЗАРЫНА

      Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 62 сессиясы 2026 жылғы қыркүйек айының 25-ші жұлдызы күні сағат 10:00 де , тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы 09: 00 де өткізіледі.

Күн тәртібінде:

  1. Талас аудандық мәслихатының  2025  жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №50-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
15 августа 2026
Талас аудандық мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясы өтуі жөніндегі хабарлама

Талас аудандық мәслихат депутаттарының

НАЗАРЫНА

      Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс LX сессиясы 2026 жылғы тамыз айының 18-ші жұлдызы күні сағат 16:00 де , тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы 15: 00 де өткізіледі.

Күн тәртібінде:

  1. Талас аудандық мәслихатының  2025  жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №50-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Талас аудандық мәслихатының 2026 жылғы 19 ақпандағы  «Талас ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияны  құру туралы» №53-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
21 июля 2026
К.Тоқаев Құрылтай сайлауы өтетін күнді белгіледі – 2026 жылғы 23 тамызға

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлауды 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

Қазақстан Республикасының үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

29 июня 2026
ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Талас аудандық мәслихат төрағасының,

мәслихаттың тұрақты комиссия төрағаларының және аппарат басшысының

  2026 жылдың ІІ жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін

ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

 

Аты, жөні, тегі

Лауазымы

Күні

Қабылдау

орны

Уақыты

Садубаев

Кадирбек

Рысқұлбекович

 

 

Мәслихаттың

төрағасы

Күнделікті

Достық алаңы №1

Кабинет

№209

9.00-12.00

Абдразақова

 Асем

Ибрашқызы

Тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау  және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы

Әр аптаның сейсенбісі

Достық алаңы №1

Депутаттар бөлмесі

Кабинет

№212

9.00-12.00

Манатбеков Нұрсұлтан Жексенбекұлы

Аудандық әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері,бюджет, жергілікті салық және қала шаруашылығы мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

Әр аптаның сәрсенбісі

Достық алаңы №1

Депутаттар бөлмесі

Кабинет

№212

9.00-12.00

Капсаланов Таннур Баршагалиевич

Жер учаскесін  немесе өзге де жылжымайтын мүлікті  сатып алу туралы шарттар  жобаларын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

Әр аптаның бейсенбісі

Достық алаңы №1

Депутаттар бөлмесі

Кабинет

№212

9.00-12.00

Токмырзаев Галымжан Есенәліұлы

 

 

Аппарат басшысы

Күнделікті

Достық алаңы

№1

Кабинет

№207

9.00-13.00

14.30-18.00

Округтер бойынша бөлінген  депутаттар

 

Әр айдың бірінші жұмасы

Достық алаңы

№1

Депутаттар бөлмесі

Кабинет

№212

15.00-17.00

 

Ескерту: Округтер бойынша бөлінген депутаттардың қабылдауы мәслихат аппараты арқылы

19 июня 2026
Талас аудандық мәслихатының кезекті 59 сессиясы өтті
✅ 18.06.2026 жылы сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы және кезекті LІХ сессиясы аудандық мәслихаттың төрағасы К.Садубаевтың төрағалығымен өтті.
✅Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Қылмыстың алдын алу шаралары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және учаскелік полиция инспекторларының жұмысы туралы;
2. Аудандағы санитарлық тазалық, көріктендіру- көгеріштендіру жұмыстары және күл қоқыс алаңдарының жағдайы туралы;
3. Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Талас аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы» №39-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы» №13-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен талқыланып, шешімдер қабылданды.
11 июня 2026
Талас аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтуі жөніндегі хабарлама

Талас аудандық мәслихатының аппараты, аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ІІ тоқсанда қаралатын мәселелері бойынша ағымдағы жылдың 18 маусымы күні сағат 09.00 де тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы және сағат 11.00 кезекті сессия өтетіндігін хабарлайды.

Күн тәртібі:

  1. Қылмыстың алдын алу шаралары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және учаскелік полиция инспекторларының жұмысы туралы;

Баяндамашы: Б.Абдрахманов Талас аудандық полиция бөлімінің бастығы

Хабарламашы: Д.Төлендіұлы аудан әкімінің орынбасары

  1. Аудандағы санитарлық тазалық, көріктендіру - көгеріштендіру жұмыстары және күл қоқыс алаңдарының жағдайы туралы;

Баяндамашы: Д.Назарбеков аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

  1. Әр түрлі мәселелер:

- Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Талас аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы» №39-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

- Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа  құрамын қалыптастыру туралы» №13-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

26 мая 2026
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
🔔 Құрметті ұстаздар, жас түлектер және ардақты ата-аналар!
🔔 Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!💐👏
🔔 Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі — бұл мектеп тарихына енетін көңілді, әрі қуанышты сәт.
🔔 Бүгін, 25.05.2026 жылы Қаратау қаласындағы Шохан Уәлиханов орта мектебінде өткен соңғы қоңырауға қатыстым.
🔔 Шохан Уәлиханов орта мектебінде биыл 25 түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 1 алтын белгі, 1 үздік аттестат иегері. Жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға тілектеспін.
🔔 Биылғы оқу жылын сәтті аяқтап, келесі сыныпқа аяқ басқан барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.
🖋 Құрметпен, Талас аудандық мәслихатының төрағасы Садубаев Қәдірбек Рысқұлбекұлы.
26 мая 2026
Талас аудандық мәслихаты жеңіс тұғырында

 23.05.2026 жылы Тараз қаласында “Халық қаһарманы” Қайрат Рысқұлбековтың 60 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығына арналған волейболдан Жамбыл облысы мәслихат депутаттары мен мемлекеттік қызметшілері арасында өткен облыстық турнирде Талас аудандық мәслихатының командасы жүлделі 3 орын иеленді.

26 мая 2026
Талас аудандық мәслихатының кезектен тыс 57 сессиясы өтті
Бүгін, 21.05.2026 жылы сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен кезектен тыс LVІІ сессиясы Талас аудандық аудандық мәслихатының төрағасы К.Садубаевтың төрағалығымен өтті.
✅ Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1. Талас аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №50-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Талас ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы;
3. Талас ауданы бойынша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы;
4. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Талас ауданы әкімдігінің Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы.
5. Талас аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «Талас ауданы бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия құру туралы» №50-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлерінің еңбек өтілін белгілеу үшін Талас ауданы әкімдігінің жанындағы арнайы комиссиясы туралы;
7. Семей ядролық сынақ полигонынан ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәлік беру және біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу үшін арнайы комиссия құрамын бекіту туралы;
8. Әлеуметтік мәселелер жөнінде аудандық консультативтік-кеңесші ведомствоаралық комиссия құру туралы;
9. Талас ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толғандарға қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу комиссиясы туралы;
10. 2026 – 2030 жылдарға арналған Талас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы;
11. Аудандық әкімдіктің құрамы туралы;
12. Талас ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы;
13. Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы туралы;
14. Талас аудандық мәслихатының 2026 жылғы 19 ақпандағы «Талас ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияны құру туралы» №53-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
15. Талас ауданы бойынша 2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы;
16. Талас аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
✅ Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы