Сессия жұмысына аудан әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қармыс Сакен Қуанышұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия әлеуметтік желідегі ресми Facebook парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Күн тәртібіне 5 мәселе енгізіліп, олар толық қаралды.
Атап айтқанда:
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Бүгін Сырдария аудандық мәслихатының «Қаржы және бизнес, экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы, жөніндегі» және «Білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі» тұрақты комиссияларының 2026 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, І-тоқсанға жоспарланған бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес: «AMANAT» партиясының Сырдария ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасы бойынша атқарылған іс-шаралар. Оның ішінде ауданның инфрақұрылымын жақсарту бойынша мәселесі қаралып, талқыланды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына мәслихат депутаттары, Тереңөзек кентінің әкімі Бисембаев Нұржан Пермебайұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әкбаров Ғалым Нәуретұлы, аудандық тұрғын-үй коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытжанұлы Мейірхан, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аймаханов Сәбит Ерғалиұлы, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатыстырылды.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Баяндамашылар күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат берді.
Депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Комиссиялардың бірлескен отырысына төрағалық етуші Дархан Жұмашұлы отырысты қорытындылай келе: «AMANAT» партиясының Сырдария ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасы бойынша атқарылған іс-шаралар. Оның ішінде ауданның инфрақұрылымын жақсарту мәселесіне арналған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысымызда – күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудан бойынша атқарылған іс-шараларды, атқарылатын жұмыстар барысымен танысып, жан-жақты талқыладық деп есептеймін. Алда осы мәселе бойынша бақылауды одан әрі күшейтіп, жол карта аясында жоспарлы жұмыстарды уақытылы, мүмкіндік болса мерзімінен бұрын сапалы орындау міндеті тұрғанын естен шығармауымыз керек» - деді.
Сонымен қатар, отырыс барысында депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды назарға алу ұсынылды.
2025 жылдың 5 желтоқсан күні Сырдария аудандық мәслихатының білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссия отырысының жұмыс жоспарына сәйкес, тұрақты комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, онда аудандық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының жұмыс барысы және аудандағы санитариялық–эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Тұрақты комиссия отырысына комиссия мүшелерінен бөлек аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы, мәслихат депутаттары, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Құлеке Ақгүл Әмірханқызы, аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Омарова Құралай Сайранқызы, осы сала мамандары және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатыстырылды. Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес Сырдария аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы - Омарова Құралай Сайранқызының баяндамасы тыңдалды. Баяндамашы аудандағы эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат берді, оның ішінде: жұқпалы аурулардың тіркелу деңгейі, мектептер, балабақшалар және басқа да ұйымдасқан ұжымдардағы санитариялық жағдай, кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нәтижелері, зертханалық бақылау көрсеткіштері, халыққа түсіндіру жұмыстарының барысы жайлы сонымен қатар эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар баяндалды.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес, мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудандық мәслихаттың білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы А.Есназар және комиссия мүшелері М.Бакуов, Б.Ұлтанбекұлы тарпынан сұрақтар қойылып, ағымдағы жағдайды талқылай келе, санитариялық талаптардың орындалуын одан әрі күшейту және эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау бойынша нақты ұсыныстар енгізілді. Мәселені талқылау барысында аудандық мәслихат депутаттарын аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы аудандағы эпидемиологиялық ахуалға сәйкес аудан деңгейінде атқарылған жұмыстар бойынша хабардар етіп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Комиссия төрағасы отырысты қорытындылай келе: «Аудан бойынша бар тәуекелдерді, санитариялық талаптарды бұзу фактілерін, кемшіліктерді және оларды жою бойынша нақты ұсыныстарды талқыладық деп есептеймін. Алда осы мәселе бойынша бақылауды одан әрі күшейтіп, жоспарлы жұмыстарды уақытылы және сапалы орындау міндеті тұрғанын естен шығармауымыз керек. Сонымен қатар, отырыс барысында депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды назарға алуды ұсынамын. Осы тұрғыда аудандағы эпидемиологиялық ахуалдың жалпы тұрақты деңгейде сақталуы – басқарма мамандарының жүйелі еңбегінің нәтижесі екенін де атап өткен жөн» - деді. Сонымен қатар, комиссия төрағасы отырысқа қатысушыларға мәселені талқылау барысында белсенділік танытып, атсалысқандары үшін алғысын білдіріп, комиссия отырысын жабық деп жариялады.
2025 жылдың 24 қырүйек күні Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 39-шы сессиясының отырысы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімінің міндетін атқарушы Р.Еспенбетов, кент және ауыл округі әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысты. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов ашып, жүргізді. Сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:
Сырдария ауданы әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
2. Аудан көлемінде халық денсаулығын сақтау барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы және ана мен бала денсаулығын қорғау шараларының ауданда орындалу барысы жайлы.
3. «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты Сырдария ауданының әкімінің міндетін атқарушы Р.Еспенбетов баяндама жасады.
Есепті баяндамада: 2025 жылдың 7 айында ауданымыз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда. Ауданның өнеркәсіп орындары 68,7 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Көрсеткіш 78,8 пайызға ұлғайды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 10 млрд. теңгені құрап, 133 пайызға өсті. Аудан экономикасына 46,8 млрд. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды. Инвестиция тарту жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болады. Есепті кезеңде 17,4 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, өткен жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 13 млрд. теңгені құрап, 29,7 пайызға өсті. Өздеріңізге белгілі, облысымыз – аграрлы аймақ. Өңірде ауыл шаруашылығы саласын жетілдіруде нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Биыл аудан диқандары 33 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, күтімге алды. Оның ішінде, күріш 19 950 гектарға егілді. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, аймақта суды көп қажет ететін дақылдар көлемі оңтайландырылып, су үнемдеуде егістік жерлерді лазерлік тегістеудің маңызы үлкен. Баяндама соңында бірлесе отырып аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, әл-ауқатын жақсарту бағытында біршама жұмыстарды атқарғандығын айта келе, алдағы уақытта да бірге нәтижелі әрі үйлесімді жұмыс жасалатынына сенім білдірді.
Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан аудандық мәслихат депутаты Д.Ибадуллаева аудан әкімінің есепті баяндамасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал еткен нақты шаралар қабылданып, түрлі бағыттар бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілгендігін атап өтті. Инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, халықпен кері байланыс орнату бағыттарында бірқатар нәтижелерге қол жеткізілгендігіне тоқталды. Атқарылған жұмыстар өз деңгейінде орындалып, қойылған міндеттер негізінен іске асты деуге негіз бар екендігін тілге тиек етті. Аудан әкімінің атқарған жұмысына баға бере отырып, алдағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Екінші мәселе бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ж. Жұмабаева баяндама жасап, денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Үшінші мәселе бойынша Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Е. Ахетов түсініктеме берді.
Аталған мәселелер Сырдария аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралып талқыланғандықтан шешім жобалары бірауыздан қолдау тапты.
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 38 сессиясы шақырылды. Сессия отырысы ZOOM бейнеконференциялық байланыс ұйымдастырылды.
Сессияға депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, кент және ауылдық окург әкімдері, тиісті сала басшылары, аудан әкімдігі мен мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Сесссия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Әжікенов Ержан Ертарғынұлы төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылды:
1. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің көшелерін қайта атау беру туралы.
2. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы.
3. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы.
4. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы.
5. «Сырдария аудандық сайлау комиссиясын сайлау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 75 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Сырдария ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 76 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалдыбаева Анар Сраждинқызы, Сырдария аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Шайлан Ермек Мұратбекұлы өз хабарламаларын жасады.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, шешімдер қабылданды.
2025 жылғы 20 маусым күні Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Ержан Ертарғынұлы Әжікенов, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ тиісті бөлім басшылары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды:
1. «Сырдария ауданының кент және ауылдық округтерінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 163 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Ахетов хабарлама жасап, округтердің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктеріне сәйкес бюджет көрсеткіштеріне нақтылаулар енгізу ұсынылды. Өзгерістер депутаттар тарапынан қолдау тапты.
2. «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Бұл мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Ахетов хабарлама жасап қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 36 СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 36 сессиясы шақырылды. Сессия отырысы ЗУМ бейнеконференциялық байланыс ұйымдастырылды.
Сессияға депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, кент және ауылдық окург әкімдері, тиісті сала басшылары, аудан әкімдігі мен мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Сесссия жұмысына аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Есназар Алмас Зейноллаұлы төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылды:
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Беркінбаев Ердос Сәрсенбекұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қонақбай Гаухар Темірбекқызы өз хабарламаларын жасады.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, шешімдер қабылданды.
22-23 сәуір күндері аудандық мәслихат депутаттары Тереңөзек кентіндегі Жеңістің 50 жылдығы, Ә.Тәжібаев, Ғ.Мұратбаев көшелерінде салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының, Қалжан ахун ауылында жүргізіліп жатқан электр жабдықтау құрылысы, Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратының күрделі жөндеу және Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарын газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Депутаттар жаяу жүргіншілер жолы құрылысын салып жатқан «Шиелі жолшы» ЖШС-нің директоры О.Абдуллаевпен және сол мекеменің жұмысшыларымен кездесті.
«Шиелі жолшы» ЖШС-нің директоры О.Абдуллаев:
Мердігер мекеме басшысымен кездесу барысында депутаттар тарапынан 2024 жылы жасалған жаяу жүргіншілер жолын салу кезінде жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар айтылып, алдағы жасалатын жұмыстар кезінде осындай қателіктерді болдырмау тапсырылды.
Мұнан соң депутаттар Қалжан ахун ауылындағы электр жабдықтау құрылысы жұмыстарымен танысты. Электр жабдықтау құрылысы жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме өкілі «Қызылорда электр тораптары компаниясы» АҚ Сырдария аудандық электр торабы басшысының міндетін атқарушы С.Бегманов атқарған жұмыстары жайлы депутаттарға мәлімет берді.
С.Бегмановтың айтуынша:
- Жалпы құны 490,5 млн. теңгені құрайтын «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау» жұмыс жобасын жүзеге асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 57,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 119 дана бір бағаналы электр бағаналары және бір тірегі бар бір бағаналы 26 дана, екі тірегі бар бір бағаналы 4 дана және ВЛ-10/0,4 кВ–2,3 шақырым электр желісі орнатылған. 2025 жылға республикалық бюджеттен 280,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 142 дана бір бағаналы электр бағаналары және бір тірегі бар бір бағаналы 32 дана, екі тірегі бар бір бағаналы 1 дана орнатылып, жері тегістеліп бетон блоктары бар 3 дана КТПН қойылған. Қазіргі таңда бөлінген қаржы толық игеріліп, қалған қаржы күтілуде. Қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жалғасатын болады.
Келесі күні депутаттар Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратының күрделі жөндеу және Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарын газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Шаған ауылындағы жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайтын, 30 орындық дәрігерлік амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты «РЕАЛСТРОЙСНАБ» ЖШС-нің өкілі Ж.Жарасбаев және аудандық аурухана бас дәрігерінің шаруашылық жөніндегі орынбасары Қ.Сүлейменов жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша депутаттарды таныстырды.
Наурыз айында басталған жоба құны 328 млн болатын амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылдың қыркүйек айында бітіріп, пайдалануға берілу жоспарлануда.
Аудандық аурухана бас дәрігерінің шаруашылық жөніндегі орынбасары Қ.Сүлейменов:
Мұнан соң депутаттар Шаған ауылындағы газдандыру жұмысымен танысып, мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-нің өкілі Р.Мақсым және жұмысшылармен кездесті.
Мекеме өкілі Руслан Қамсұлтанұлының айтуынша:
Мұнан соң депутаттар Нағи Ілиясов ауылындағы газдандыру жұмысымен танысты.
Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары да 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Жоба құны – 661,4 млн теңгені құрайтын газдандыру жұмыстары қазіргі таңда 95 пайызға орындалған.
Кездесу барысында депутаттар атқарылып жатқан жұмыстардың аудан тұрғындары үшін маңыздылығына тоқталып, жұмыстарды талаптарға сай жасауды және сапасына баса назар аудару керектігін ескертті. Сонымен қатар тапсырыс беруші мекеме басшыларына жұмыстардың барысын тұрақты бақылауда ұстауды, жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру қажеттігі айтылып, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан әрбір құрылыс немесе басқа да жұмыстарға жергілікті тұрғындар арасынан жұмыссыз мамандарды тарту жолын қарастыруды ұсынды.