Сырдария ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс топ отырысының ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ

Сырдария ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс топ отырысының

ХАТТАМАЛЫҚ  ШЕШІМІ

 27 қаңтар 2025 жыл                           №1                                     Тереңөзек кенті

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сырдария ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне мемлекеттік органнан өкілдік етуге Токманов Самат Тасболатұлы жіберілгені ескерілсін.

Жұмыс тобының мүшелігіне төмендегі азаматтар сайлансын:

1) Әбілова Күлбар Әбілқызы;

2) Тобағұлов Сталбек Зікірияұлы;

3) Ембергенов Жұмабек Әшімұлы;

4) Ордабеков Балтабай Аябекұлы.

 

2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы болып Ембергенов Жұмабек Әшімұлы белгіленсін.

3. Сырдария ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы - 15 мүше болып айқындалсын.

4. Сырдария ауданының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру Сырдария аудандық мәслихат аппаратының интернет-ресурсында орналастырылсын.

5. Осы хаттамалық шешім Сырдария аудандық мәслихат аппаратының ресми интернет- ресурсында жариялансын.

6. Осы хаттамалық шешімнің көшірмесі Сырдария аудандық мәслихатының төрағасына ұсынылсын.

 

Топ басшысы                                               Ж.Ембергенов

 

Дата публикации
27 января 2025