Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы

ЖОБА

 

 Сырдария аудандық мәслихатының шешімі

  Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 бұйрығына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырғанСырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидасы бекітілсін.
  2. Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі №222 «Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №119 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                                                                Тегі

 

Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы
Дата публикации
08 августа 2023