
Каскиев Руслан Жанайдарұлы 1976 жылы 25 қазан күні Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Қызылорда қаласындағы No233 Островский атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1993 жылы мектепті бітірген.
1996 жылы әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетіне сырттай оқу бөліміне түсіп, 2001 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу бітірген.
2021 жылы Almaty Management University-ге түсіп, 2023 жылы «Жалпы және стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған.
«ӘDІLЕТ» партиясының мүшесі. Отбасылы, үш баланың әкесі.
1993 жылдан 1998 жылға дейін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
1998 жылдан 1999 жылға дейін Алматы облыстық сотында бас маман болып қызмет атқарған.
1999 жылдан 2000 жылға дейін Алматы адвокаттар алқасында адвокаттың көмекшісі болып жұмыс істеген.
2002 жылдан 2003 жылға дейін Қызылорда облыстық ІІД-де қызмет етті.
2003 жылдан 2014 жылға дейін Алматы ІІД-нің жол патрульдік полициясында қызмет атқарған.
2014 жылдан 2021 жылға дейін «АКЗ LTD» ЖШС-ның әртүрлі қызметтерінде жұмыс істеген.
2021 жылдан бері «АКЗ LTD» ЖШС-ның директоры қызметін атқарып келеді.