Серікбаев Әбдікәрім Жағыпарұлы 1961 жылғы 25 қыркүйекте Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Шаған ауылындағы №37 орта мектепті тәмамдаған. 1979–1981 жылдары әскери борышын өтеген. 1984 жылы Алматы облысы, Талғар ауданындағы ауыл шаруашылығы техникумын «Агроном-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы ауыл шаруашылығы саласында бастап, әр жылдары аға агроном, бригадир және бас агроном қызметтерін абыроймен атқарған. 2023 жылдан бастап шаруашылық төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Еңбек жолында адалдықты, тәртіп пен жауапкершілікті басты қағида етіп ұстанады. «ӘDІLЕТ» партиясының мүшесі. Отбасылы, үш қыз және бір ұл тәрбиелеп өсірген.