Ералиев Дархан Жұмашұлы 1962 жылы 25 наурызда қазіргі Нағи Ілиясов ауылында дүниеге келген.
Э.Тельман атындағы №132 қазақ орта мектепті 1979 жылы бітірген.
Отбасылы.
Еңбек жолын 1979-1981 жылдары аралығында ауыл шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.
1981-1986 жылы Қызылорда қаласындағы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының филиалында инженер-механик мамандығы бойынша оқып, «инженер-механик» мамандығын алған.
1986-1987 жылдар аралығында Кеңес армиясының қатарында болған.
1987 жылдан 1995 жылға дейін шаруашылықтың әр саласында механик қызметін атқарған.
1995 жылдан 2002 жылға дейін шаруашылықтың бас инженер-механигі болған.
2002-2003 жылдары Нағи Ілиясов ауылының әкімі.
2003-2005 жылдары «Сыр Дәні» шаруа қожалығының төрағасы.
2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін Нағи Ілиясов ауылындағы «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы. 2007 жылдан бастап Сырдария аудандық мәслихатының депутаты.