GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
05 октября 2026
Степногорск қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 09 қазанда сағат 16:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында («Б» блогы) сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы шақырылады.

Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе: Степногорск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-27/2 «2026-2028 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Степногорск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-27/9 «2026-2028 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ басқа да мәселелер.

Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==

29 сентября 2026
Хабарлама

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындар туралы

ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты сайлау комиссиялары құрамдарындағы бос орындары туралы хабарлайды:

1. № 5 Округтік сайлау комиссиясы – 1;

2. № 7 Округтік сайлау комиссиясы – 1;

3. № 9 Округтік сайлау комиссиясы – 1;

4. № 10 Округтік сайлау комиссиясы – 2;

5. № 12 Округтік сайлау комиссиясы – 1;

6. № 61 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;

7. № 62 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;

8. № 64 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;

9. № 65 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;

10. № 66 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;

11. № 70 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;

12. № 71 Учаскелік сайлау комиссиясы -2;

13. № 72 Учаскелік сайлау комиссиясы -2;

14. № 73 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;

15. № 74 Учаскелік сайлау комиссиясы -2;

16. № 84 Учаскелік сайлау комиссиясы -2;

17. № 89 Учаскелік сайлау комиссиясы -1;

18. № 95 Учаскелік сайлау комиссиясы – 1;

18. № 778 Учаскелік сайлау комиссиясы -1.

 

Сайлау комиссияларының құрамдарында барлығы 24 (жиырма төрт) бос орын бар.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясын қалыптастыруына қатысты жоғарыда тұрғандар мен саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс 2026 жылғы 28 қыркүйектен 12 қазан аралығында мына мекенжай бойынша қабылданады: Степногорск қаласы 4 шағын аудан 1 ғимарат

Жауапты тұлға – Мукужанов Галиакпар Болатұлы, қалааралық телефон коды (871645), қызметтік телефоны: 5-47-62, ұялы телефоны: 8-(707-467-81-61), электрондық поштасының мекенжайы: maslihat@stepnogorsk.gov.kz

Саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың жоғарыда тұрған бөлімше құрылымдары сайлау комиссиясын қалыптастыруына қатысты 2026 жылғы 28 қыркүйектен 12 қазан аралығында (қоса алғанда) сәйкес мәслихатқа сайлау комиссиясының құрамына қосу үшін белгілі нысан бойынша үміткерлер тізімін жібереді:

1)   сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер;

2)   саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3)   саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

4)   кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23 бабының 3 тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматында, қол қойылған, мөрмен расталған және орындалған күні көрсетіліп, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 қыркүйектен 12 қазан аралығында (қоса алғанда), дүйсенбі – жұма күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

Степногорск қалалық

мәслихаттың төрағасы О. Джагпаров

 

 

 

               Степногорск қалалық мәслихатының 

төрағасы  О.А. Джагпаровқа

        ___________________________________

                                                           (Ақмола облысы., Степногорск қаласы.,

                    _________________________________ тұратын

                қала, елді мекен, көше, үй, пәтер)

                     __________________________________________

               (ұялы телефондардың нөмірлері)

 

 

Өтініш

Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

______________________________________________________________________
      (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)

ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, №  ______округтік немесе учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.

 
Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ______ жыл:
                                                                 (бар, ____жыл, /жоқ) 

_____________________________________________________________________________________(комиссияның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

 

Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын

Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

 

 

2026 жылғы «____»____________                                        _________________________

                        (өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық деректер:

 

Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

Білімі   _____________________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

 

Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

 

Ескертпе

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

Өтінішке қосымша

 

Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

р/б

Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты

(болған кезде)

ескертпе

1.                   

 

әкесі

2.                   

 

анасы

3.                   

 

ұлы

4.                   

 

қызы

5.                   

 

ағасы

6.                   

 

әпкесі

7.                   

 

атасы

8.                   

 

әжесі

9.                   

 

немересі

10.                

 

жұбайы (зайыбы)

 

 

25 сентября 2026
Степногорск қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 29 қыркүйекке сағат 10:00-де жоспарланған сегізінші шақырылған Степногорск қалалық мәслихатының отыз бесінші кезекті сессиясы 28 қыркүйекке сағат 11:00-ге қала әкімдігінің мәжіліс залында ("Б" блогы) ауыстырылады.

Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе: «Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №8С-10/2 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Степногорск қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» сондай-ақ басқа да мәселелер.

Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==

23 сентября 2026
Степногорск қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында («Б» блогы) сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясы шақырылады.

Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе: «Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №8С-10/2 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Степногорск қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» сондай-ақ басқа да мәселелер.

Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==

21 сентября 2026
Степногорск қалалық мәслихаты депутаттары мен қала тұрғындарының назарына!

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 21 қыркүйекте сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының отыз төртінші кезектен тыс сессиясының өткiзiлетiнi туралы хабарлаймыз.

Сессияның қарауына келесi мәселе енгiзiледi: «Степногорск қаласының әкімін тағайындауға келісім беру туралы».

Бұрын жоспарланған мәселелер қалалық Степногорск қалалық мәслихаттың отыз бесінші сессиясында қаралатын болады.

17 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу
марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен
қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін
дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін
қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж
оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу
қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан
тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс
тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары,
әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде
жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген
шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының
лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де
ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы
наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке
кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір
айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай
сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге;
3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен
марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы
Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың
өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына
тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі
адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол
ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап
оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне

айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді
әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар
тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға
жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан
Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және
«Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға,
заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара
байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
қолдауымен жүзеге асырылуда.

16 сентября 2026
Степногорск қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында («Б» блогы) сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы шақырылады.

Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе: «Қала әкімінің атқарылған жұмыс туралы есебі», сондай-ақ басқа да мәселелер.

Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==

28 августа 2026
Степногорск қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйек сағат 15:00-де қала әкімдігінің акт залында (Блок Б) сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының отыз үшінші кезектен тыс сессиясы шақырылады


Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе: "Степногорск қаласының Байқоныс ауылының даму және құрылыс салу схемасын (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы) жобасын қарау. Қала әкімдігінің консультативтік кеңесші комиссияларын бекіту. 

Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==

11 августа 2026
Обьявление

Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!
Негізгі шарттары:

1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;

2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;

3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;

4) конкурссыз орналасу мүмкіндігі облыстық маңызы бар қаладан басқа (Көкшетаудан басқа) аудан / қалаларда іске асырылады;

Конкурссыз иеленуге болатын мемлекеттік әкімшілік лауазымдар:
1️⃣ ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
2️⃣ ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;
3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;
4️⃣ орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетау қаласынан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына.
Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.
Сізді осы ақпарат қызықтырса, не болмаса толығырақ кеңес алғыңыз келсе мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне тікелей жүгінуге, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 3 қабат мекенжайы, 8 716 2 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

 

05 июня 2026
Степногорск қалалық мәслихат депуттарының және қала тұрғындарының назарына!

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 9 маусымға сағат 15:00-де "Qosyl" бағдарламасы арқылы (онлайн форматта, https://meet.qosyl.kz/meeting?room=912269919366 ) сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының отыз екінші кезектен тыс сессиясы шақырылады.


Сессияның күн тәртібіндегі мәселе: "Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №8С-10/2 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Степногорск қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Степногорск қалалық мәслихатының сессиясы тікелей эфирде өткізіледі және Степногорск қалалық мәслихатының Instagram парақшасында көрсетіледі https://instagram.com/maslihat_stepnogorsk?utm_source=qr&igshid=OGIxMTE0OTdkZA==

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы