№8С-27/8 от 19.12.2025ж. шешім

Сегізінші шақырылымдағы

Степногорск қалалық

мәслихатының жиырма жетінші

сессиясының күн тәртібі туралы

(екінші отырыс)

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сегізінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының жиырма жетінші сессия отырысының келесі күн тәртібі бекітілсін:

          1) 2026-2028 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы;

Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың  ақпараты.

          2) Степногорск қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;

           3) 2026 жылға арналған Степногорск қалалық мәслихатының қызметін қамтамасыз ету және оның аппаратын ұстауға арналған шығындарды анықтау туралы;

           4) Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының

қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                              О. Джагпаров

 

Шешім
Дата публикации
19 января 2026