№8С-27/5 от 19.12.2025ж. шешім

Степногорск қалалық мәслихатының

2024 жылғы 23 желтоқсандағы

№8С-18/11 «Степногорск қаласы

әкімдігінің жанындағы жастар істері

жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №8С-18/11 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін.

  1. 1-қосымшадағы Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамы жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                                                         О. Джагпаров

Шешім
Дата публикации
19 января 2026