2026-2028 жылдарға арналған
қала бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 17 870 329 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 14 791 147 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 61 828 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 58 300 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 2 959 054 мың теңге;
2) шығындар – 17 870 329 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 581 753 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 17 300 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 599 053 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 581 753 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 581 753 мың теңге.
Ақсу кенті – 38 610 мың теңге;
Заводской кенті – 7 184 мың теңге;
Шаңтөбе кенті – 56 266 мың теңге;
Қарабұлақ ауылы – 46 097 мың теңге;
Изобильный ауылы – 38 711 мың теңге;
Қырық құдық ауылы – 65 821 мың теңге;
Бөгенбай ауылдық округі – 32 363 мың теңге.
Степногорск қалалық
мәслихатының төрағасы О. Джагпаров