Степногорск қалалық мәслихатының
2025 жылғы 22 мамырдағы №8С-21/7
«Степногорск қаласы әкімдігінің
жанындағы жер телімдеріне меншік
немесе жер пайдалану құқығын
беру жөніндегі жер комиссиясының
құрамын және ережесін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № А-11/381 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №А-5/163 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер телімдеріне меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
комиссия құрамына:
Инеш Амангелдіқызы Қарашина – «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі;
Дина Сұлтанбекқызы Бейсекей – «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жер қатынастары секторының бас маманы, комиссия хатшысы болып енгізілсін;
Комиссия құрамынан:
Дархан Қайрбайұлы Оспанов – «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі;
Инеш Амангелдіқызы Қарашина – «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жер қатынастары секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы шығарылсын.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров