Мөлшерлеме мөлшерін
төмендету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 – бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жеңілдетілген декларация негізінде 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап арнайы салық режимі бойынша қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексінің 726-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеменің мөлшері Степногорск қаласында және оған іргелес елді мекендерде 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров