Степногорск қалалық мәслихатының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-19/2
«2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 13 287 452,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 9 731 563,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 75 023,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 46 762,7 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 3 434 103,3 мың теңге;
2) шығындар – 13 159 232,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 833 944,2 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 7 864 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 841 808,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 182 464 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 182 464 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 779 700,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 779 700,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Степногорск қалалық
мәслихатының төрағасы О. Жағыпаров