1) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-19/2 «2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты.
2) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19/11 «2025-2027 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты.
3) 2026 жылға арналған Степногорск қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Шолпан Қуанышқызы Төлегенованың ақпараты.
4) Степногорск қаласында арнайы салық режимін қолдану кезінде салық ставкасының мөлшерін төмендету туралы;
Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы - Әсет Днесламұлы Мұқановтың ақпараты.
5) Степногорск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 мамырдағы №8С-21/7 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер учаскелеріне меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы - Инеш Амангелдіқызы Қарашинаның ақпараты.
6) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласы әкімі аппараты басшысының м.а. - Қуат Ерікұлы Тасымовтың ақпараты.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров