Қала әкімінің өзіне жүктелген
функциялар мен міндеттерді
орындауы туралы есебі туралы
Степногорск қаласының әкімі Г. Қ. Қасеновтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін қалалық мәслихат 2025 жылдың 8 айында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары тауарлық өнім шығаруды арттыруға қол жеткізіп, осылайша өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 357,9 млрд.теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі - 91,5 %, өңдеуші өнеркәсіпте - 93,9 %.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 21,2 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 122,6 % құрады.
Қала экономикасына 21,4 млрд.теңге инвестиция салынды, негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлемінің индексі 195% құрады.
Жалпы өнім шығару 3,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,4% құрады.
Шағын және орта бизнестің түрлі салаларында 3,8 мыңнан астам субъектінің қызметін жүзеге асырады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 129,6 % құрады.
Бюджеттің барлық деңгейлеріне 55,1 млрд. теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті. Жергілікті бюджетке – 13,5 млрд. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке – 7,2 млрд. теңге түсті. Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 10,4 млрд.теңге немесе жоспарға 99,6% игерілді.
Бестөбе кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен ашық спорт кешенін, Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйін салу бойынша жобаларды іске асыру жүргізілуде.
Білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту және жөндеу бойынша бірінші кезектегі мәселелерді шешуге баса назар аудару;
2) Өңірді дамытудың кешенді жоспары шеңберінде өзіне алған міндеттемелерді орындау жөніндегі жұмысты белсенді жалғастыру;
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен индикаторларының орындалуын сақтау және жақсарту;
4) жылыту маусымының өтуі және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау;
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров