Степногорск қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясындағы көпшілік тыңдау хаттамасы
Степногорск қ. 23.12.2025 ж.
Күн тәртібі
«Степногорск қаласының Целиноградская көшесін қайта атау туралы»
Отырыс төралқасында:
Аветисян А.М. – қалалық мәслихаттың заңдылық, экология және депутаттық әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы;
Джагпаров О.А. - Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы;
Отырысты Аветисян А.М. ашады және жүргізеді.
Отырыс жұмысына:
Д.А. Киноятов - Степногорск қалалық мәслихатының депутаты.
Р.М. Исабеков - Степногорск қалалық мәслихатының депутаты.
Д. Қ. Оспанов - Степногорск қаласы әкімінің орынбасары қатысты.
Қалалық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің ұжымдары, қала тұрғындары.
Барлығы 80 адам қатысты.
Көпшілік тыңдауды өткізу туралы ақпарат Степногорск аймақтық «Престиж» газетінде 2025 жылғы 20 қарашада № 46 (1233) жариялау арқылы қала тұрғындарына жеткізілді.
Отырыс басталар алдында төраға барлық қатысушыларды отырыс жұмысының тәртібі мен регламенті туралы хабардар етті.
Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы И.Ш. Арапбаева көшелерді қайта атау тәртібі мен рәсімі туралы ақпарат беріп, көшелерді қайта атау туралы ұсыныс айтты:
Целиноградская көшесін Арман Қапезов көшесіне қайта атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірді.
Бұл ұсынысқа жергілікті өкілді және атқарушы органдарға түскен ұжымдық өтініштер негіз болды.
Отырыс барысында көшелердің атауын өзгертуге:
Т.Б. Бакиров - Бас әскери прокурордың аға көмекшісі, әділет полковнигі.
Ю.Б.Яковлев - зейнеткер, прокуратура қызметкері қолдау білдірді.
Содан кейін Қапезов арманның өмірі мен жұмысын еске алуға арналған қысқа метражды фильм дайындалып, қаралды.
Целиноградская көшесінің атауын өзгертуге қарсылық білдіргендер жоқ.
Талқылау барысында көшелердің атауын өзгертуге қолдау білдірді:
Ф.Б Есжанова – қоғамдық кеңестің мүшесі.
Айтылған пікірлердің қорытындысы бойынша, отырыс төрағасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті өкілді және атқарушы органдар халықтың пікірін ескере отырып, бірлескен шешіммен облыстық ономастика комиссиясының қарауына елді мекеннің құрамдас бөліктерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізетінін хабарлады.
Степногорск қаласындағы көшені қайта атау мәселесі Степногорск қалалық мәслихатының сессиясында, айтылған ұсыныстардың шешімі депутаттардың қатысуымен қабылданады.
Қалалық мәслихаттың заңдылық,
экология және депутаттық әдеп мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы Аветисян А.М.