№8С-24/7 от 22.08.2025ж. шешім

Степногорск қалалық мәслихатының

2024 жылғы 30 мамырдағы №8С-12/4

«Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы

тұрғын үй комиссиясының құрамын

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 тамыздағы №А-8/260 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № А-3/15 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 21 мамырдағы №А-5/224 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы негізінде Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы №8С-12/4 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

комиссия құрамына Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Фархат Ертайұлы Байқасов комиссия төрағасы болып енгізілсін;

комиссия құрамына Степногорск қалалық мәслихатының депутаты Алексей Сергеевич Гетманов комиссия мүшесі болып енгізілсін;

комиссия құрамына Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы Яковлева Любовь Анатольевна комиссия мүшесі болып енгізілсін;

комиссия құрамына Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самат Орынбайұлы Тасщанов комиссия мүшесі болып енгізілсін;

комиссия құрамына «Ерлік» тірек-қимыл аппараты бұзылған Степногорск қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Станислав Фазылзинович Мухамадиев комиссия мүшесі болып енгізілсін;

 

комиссия құрамынан Орынбасаров Қабдулла Нұриттенұлы, Баязитов Бақтияр Әлімжанұлы шығарылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                          О. Джагпаров

Шешім
Дата публикации
09 сентября 2025