№8С-24/5 от 22.08.2025ж. шешім

Степногорск қаласының

аумағында жолаушылар мен багажды

қала маңындағы қатынастарда

автомобильмен тұрақты тасымалдауға

тарифті белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф 1 километрге 10 (он) теңге келісілсін.
  2. Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №8С-19/5 «Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                                                                     О. Джагпаров

 

Решение
Дата публикации
09 сентября 2025