№8С-23/2 от 25.06.2025ж. шешімі

 

Степногорск қалалық мәслихатының

2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-19/2

«2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-19/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2,                                         3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 14 296 472,5 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 10 514 124,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 66 942,1 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 49 629 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 3 665 776,9 мың теңге;

2) шығындар – 14 162 712 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 833 944,2 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 7 864 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 841 808,2 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 188 004 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 188 004 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 779 700,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                   - 779 700,7 мың теңге.»;

 

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің   1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.      

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының төрағасы                                                               О. Жағыпаров

 

 

 

 

 

 

Шешім
Дата публикации
15 июля 2025