№8С-21/8 от 22.05.2025ж. шешім

Степногорск қалалық мәслихатының

2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 8С-9/10 «Учаскелік сайлау комиссияларының

мүшелерін сайлау туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 1 «Учаскелік комиссия мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулыларының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-9/10 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

№ 72 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Ебдульманова Тота Ғабда-Уахитқызының орнына «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысының Степногорск қалалық филиалы ұсынған Титова Елена Александровна сайлансын;

№ 72 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Неделкина Виктория Викторовнаның орнына «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Бабенова Наргиз Сулейменқызы сайлансын;

№ 87 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен орнына Канафина Ақбота Бахытқызының орнына «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ұсынған Тихонова Ирина Ивановна сайлансын;

№ 87 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Оразов Ержан Оразалыұлының орнына «Байтақ» партиясының Ақмола облыстық филиалы ұсынған Газизова Айгүл Сайлаубайқызы сайлансын;

№ 88 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Зейнилова Дина Айтпайқызының орнына «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ұсынған Құсайынова Гүлназ Папашқызы сайлансын;

№ 92 учаскелік сайлау комиссиясынан шығып кеткен Парфенова Елена Викторовнаның орнына «Ауыл «ХДПП» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ұсынған Хагазбек Сайран сайлансын.

  1. Осы шешімнің көшірмесі Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                            О. Джагпаров

 

 

 

Шешім
Дата публикации
04 июня 2025