1) Степногорск қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы;
Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Сейітмағанов Ербол Ердәулетұлының ақпараты;
2) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №8С-10/2 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Степногорск қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Сейітмағанов Ербол Ердәулетұлының ақпараты;
3) Степногорск қаласында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы;
Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы - Мұқанов Әсет Днесламұлының ақпараты;
4) Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Төлегенова Шолпан Қуанышқызының ақпараты;
5) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №8С-18/4 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Төлегенова Шолпан Қуанышқызының ақпараты;
6) «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы жер учаскелеріне меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы»;
Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Оспанов Дархан Қайрбайұлының ақпараты;
7) Степногорск қаласының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Семенюк Татьяна Викторовнаның ақпараты;