№8С-20/10 от 20.03.2025ж. шешім

Степногорск қаласы

әкімдігі жанындағы

терроризмге қарсы

комиссиясының құрамын

бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына, «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы     № 589 Жарлығына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № А-3/101 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құру туралы» қаулысы негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  4. Мемлекеттік органдардың терроризм актілерінің салдарын азайтуға және (немесе) жоюға әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  5. Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 7С-19/7 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  6. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                       О. Джагпаров

 

Решение
Дата публикации
30 мая 2025