Степногорск қалалық мәслихатының
2024 жылғы 30 мамырдағы № 8С-12/4
«Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы
тұрғын үй комиссиясының құрамын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № А-3/15 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 21 мамырдағы №А-5/224 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
комиссия құрамына Степногорск қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы - Бахтияр Әлімжанұлы Баязитов комиссия мүшесі ретінде енгізілсін;
комиссия құрамына Степногорск қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі - Олжас Амангелдіұлы Әбдірахманов комиссия хатшысы ретінде енгізілсін;
комиссия құрамынан Степногорск қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі - Талғат Жұмағалиұлы Мақшанов шығарылсын;
комиссия құрамынан Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі - Шолпан Зақарияқызы Тәукелова шығарылсын;
комиссия құрамынан Степногорск қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы - Темірлан Қылышбекұлы Мәликов шығарылсын.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров