№8С-20/7 от 20.03.2025ж. шешім

Степногорск қалалық мәслихатының

2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/5

«Степногорск қаласы әкімдігінің

жанындағы жер учаскелеріне меншік

немесе жер пайдалану құқығын беру

жөніндегі жер комиссиясының

құрамы мен ережесін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 наурыздағы № А-3/90 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № А-6/266  «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер учаскелеріне меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/5 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер учаскелеріне меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

комиссия құрамына: 

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі ретінде - Ербол Ердәулетұлы Сейітмағанов;

 «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, комиссия мүшесі ретінде - Асқар Шапағатұлы Қасенов енгізілсін;

комиссия құрамынан:

Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы,  комиссия мүшесі - Шолпан Зақарияқызы Тәукелова;

«Сателлит» неміс ҰКО төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі, комиссия мүшесі - Клавдия Сергеевна Нурбаева шығарылсын.

 

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                               О. Джагпаров

Шешім
Дата публикации
30 мая 2025