№8С-20/6 от 20.03.2025ж. шешім

 

Степногорск қаласы бойынша

2023-2024 жылдарға арналған  

жайылымдарды басқару және

пайдалану жоспарын бекіту

туралы

 

 

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 13-баптарына, «Жайылымдарды ұтымды пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Степногорск қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және пайдалану жоспары бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

хатшысы                                                                                             О. Жағыпаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының

2023 жылғы 26 маусымдағы

№ 8С-4/3 шешімімен

бекітілген

 

 

Степногорск қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған

жайылымдарды басқару және пайдалану

жоспары

 

          Степногорск қаласы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі осы Жоспар (бұдан әрі – Жоспар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.

          Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

          Жоспар:

          1) осы жоспарға 1-қосымшаға сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Степногорск қаласы жайылымдардың орналасу схемасын (картасы);

          2) 2-қосымшаға сәйкес жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;

          3) 3-қосымшаға сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген карта;

          4) 4-қосымшаға сәйкес су тұтыну нормасына сәйкес жасалған жайылым пайдаланушылардың су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, копаньяларға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

          5) 5-қосымшаға сәйкес жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемаларын;

          6) 6-қосымшаға сәйкес жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын;

          7) 7-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және жылжытудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестені;

          8) 8-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды құрайды.

          Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеудің жай-күйі туралы ақпаратты, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы, ауыл шаруашылық жануарларының саны туралы деректерді олардың иелері – жайылым пайдаланушылар, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып нысандар, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жынысы мен жас топтары бойынша құрылған табындар, отарлар, отарлар саны туралы мәліметтер; ауылшаруашылық жануарларының алыс жайылымдарда жайылымға шығуы туралы, ауылшаруашылық жануарларын мәдени және құрғақ жайылымдарда жаю ерекшеліктері туралы мәліметтер, малды айдау сервитуттары туралы мәліметтер және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынатын өзге де мәліметтерді есепке ала отырып қабылданды.

          Степногорск қаласының жалпы ауданы 290 540 га құрайды, оның ішінде егістік – 24 818,1 га, көпжылдық екпелер – 305 га, тыңайған жерлер – 12 317 га, шабындықтар – 55,5 га, жайылымдық жерлер – 119 240,3 га, оның ішінде жақсартылған – 38 087,8 га.

          Санаттар бойынша жерлер мыналарға бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 170 902,8 гектар ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде егістік – 26 797,5 гектар, тыңайған жерлер – 12 317  гектар, шабындықтар – 55,5 гектар, жайылымдар – 129 104,6 гектар, оның ішінде жақсартылғаны – 39 027,8 гектар;

          Степногорск қаласы бойынша 42 шаруа қожалығы бар, ауыл шаруашылығы алып жатқан жалпы алқаптары – 101 819,7 гектар, оның ішінде егістік – 11 912,3 гектар, шабындық – 51 гектар, жайылым – 85 302 гектар, оның ішінде жақсартылғаны – 27 248,3 гектар;

          Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың саны 8, ауыл шаруашылығы алқаптарының алып жатқан жалпы алаңы – 55 786,1 гектар, оның ішінде егістік – 12 905,8 гектар, шабындық – 4,5 гектар, жайылым – 33 938 гектар, оның ішінде жақсартылғаны – 10 839,5 гектар;

          Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік заңды тұлғалардың саны 0, ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы – 0 гектар; елді мекендердің жерлері – 75 975,9 гектар;

          өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер – 4 146,7 гектар; орман қорының жері – 5 512 гектар; су қорының жері – 0 гектар; босалқы жер – 34 002,6 гектар.

          Степногорск қаласы аумағының рельефі әр түрлі: көп бөлігін дала, ұсақ шоқылар, жазық және өзен аңғарлары алып жатыр.

          Өсімдіктер әр түрлі шөптердің дала түрлерімен және сәйкесінше ландшафтпен, қайың ормандарымен ұсынылған. Топырақ негізінен чернозем және өсімдік бірлестіктері түрлі-түсті және әр түрлі, құрғақшылыққа төзімді. Климаты шұғыл континентті және өте қуаң.

          2023 жылдың 1 қаңтарда Степногорск қаласында ірі қара малдың жалпы саны 15 164 бас, оның ішінде аналық мал басы 6 919 бас, ұсақ мал 17 570  бас, жылқы 12 996 бас.

          Степногорск қаласы бойынша қажеттілік:

          ірі қара үшін – 9,3 га басына;

          ұсақ мал үшін – 1,5 га басына;

          жылқы үшін – басына 10,7 га.

 

Шешім
Дата публикации
30 мая 2025