Степногорск қалалық мәслихатының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-19/2
«2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12 458 459,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 9 768 665 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 45 989 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 52 700 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 2 591 105,8 мың теңге;
2) шығындар – 12 324 363,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 834 436 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 7 864 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 842 300 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 188 340 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 188 340 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 780 192,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 780 192,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қалалық
мәслихатының төрағасы О. Джагпаров