№8С-20/2 от 20.03.2025ж. шешім

Степногорск қалалық мәслихатының

2024 жылы атқарған жұмысы туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылы атқарған жұмысы туралы мәслихат төрағасы О.А. Джагпаровтың есебін тыңдап және талқылап, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихаты төрағасы О.А. Джагпаровтың Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылы атқарған жұмысы туралы есебі назарға алынсын.
  2. Депутаттарға:

          1) сайлаушылармен тұрақты байланыс орнатып, сайлауалды бағдарламаларды ескере отырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында VIII шақырылымдағы депутаттық корпус жұмысын жалғастыруды;

          2) Сайлаушыларды әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы депутаттық қызметі туралы тұрақты түрде хабардар етіп отыруы ұсынылды.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                              О. Джагпаров

 

Решение
Дата публикации
29 мая 2025