Сегізінші шақырылымдағы
Степногорск қалалық мәслихатының
жиырмасыншы сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Степногорск қалалық мәслихаты төрағасының 2024 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебі;
Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы - Олжас Аманжолұлы Джагпаровтың ақпараты;
2) Степногорск қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
Степногорск қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы - Бейсенбина Орынбасар Амангелдіқызының ақпараты;
3) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-19/2 «2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Төлегенова Шолпан Қуанышқызының ақпараты.;
4) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19/11 «2025-2027 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Төлегенова Шолпан Қуанышқызының ақпараты.;
5) Степногорск қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы;
Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы - Оспанов Дархан Қайрбайұлының ақпараты;
6) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы №8С-13/5 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер учаскелеріне меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы - Оспанов Дархан Қайрбайұлының ақпараты;
7) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 8С-12/4 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы – Баязитов Бақтияр Әлімжанұлының ақпараты;
8) Шаңтөбе кенті әкімі аппараты жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;
Шантөбе кентінің әкімі Ержан Баялұлы Мұқановтың ақпараты;
9) Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы;
Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы - Ләззат Жанатқызы Құсайынованың ақпараты;
10) Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров