Решение №8С-19/9 от 25.12.2024г.

Сегізінші шақырылымдағы

Степногорск қалалық

мәслихатының он тоғызыншы

сессиясының жұмысына

үзіліс жариялау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының он тоғызыншы сессиясының жұмысына 2024 жылғы 26 желтоқсанға дейін үзіліс жариялансын.
  2. Степногорск қалалық мәслихатының он тоғызыншы сессиясының екінші отырысы 2024 жылғы 26 желтоқсан сағат 10:00 қала әкімдігінің мәжіліс залында (Б блогы) өткізілсін және онда келесі мәселелер қаралсын:

          1) 2025-2027 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы;

            2) Степногорск қалалық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;

          3) 2025 жылға арналған Степногорск қалалық мәслихатының қызметін қамтамасыз ету және оның аппаратын ұстауға арналған шығындарды анықтау туралы;

4) Сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                                 О. Джагпаров   

Шешім
Дата публикации
19 февраля 2025