№8С-19/7 от 25.12.2024ж. шешімі

 

Степногорск қаласы әкімдігінің

жанындағы сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі

комиссия құрамын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/541 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» қаулысының негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы әкімдігінің

жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 8С-8/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                               О. Джагпаров

 

 

Шешім
Дата публикации
18 февраля 2025