№8С-19/5 от 25.12.2024ж. шешімі

Степногорск қаласының

аумағында жолаушылар мен багажды

қала маңындағы қатынастарда

автомобильмен тұрақты тасымалдауға

тарифті белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңына, «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф келесі мөлшерде келісілсін:

№ 1 маршрут бойынша, Степногорск қаласы - Қарабұлақ ауылы 110 жүз он теңге;

№ 2 маршрут бойынша, Степногорск қаласы - Заводской кенті 140 жүз қырық теңге;

№ 3 маршрут бойынша, Степногорск қаласы - Ақсу кенті 150 жүз елу теңге.

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 5С-35/3 «Степногорск қаласында тұрақты автомобиль тасымалдауына тарифті келісу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                    О. Джагпаров

 

Шешім
Дата публикации
18 февраля 2025