№8С-19/4 от 25.12.2024ж. шешімі

Степногорск қаласының

аумағында жолаушылар мен

багажды қалалық қатынастарда

автомобильмен тұрақты тасымалдауға

сараланатын тарифті белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 - бабының 2-1 тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

1) көлік картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде – 80 сексен теңге;

2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 160 жүз алпыс теңге.

  1. Степногорск қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға жеңілдікпен жол жүру «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының негізінде жүргізілетін болады.
  2. Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 5С-35/3 «Степногорск қаласында тұрақты автомобиль тасымалдауына тарифті келісу туралы» және 2022 жылғы 30 наурыздағы № 7С-12/6 «Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 5С-35/3 «Степногорск қаласында тұрақты автомобиль тасымалдауына тарифті келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                  О. Джагпаров

 

 

Шешім
Дата публикации
18 февраля 2025