Степногорск қаласын
басқару схемасын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласын басқару схемасы бекітілсін.
- Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 8С-11/3 «Степногорск қаласын басқару схемасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров