№8С-19/2 от 25.12.2024ж. шешімі

2025-2027 жылдарға арналған

қала бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 11 958 106 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 9 268 665 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 45 989 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 52 700 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 2 590 752 мың теңге;

2) шығындар – 11 865 321 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 828 949 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 7 864 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 836 813 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 92 785 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 92 785 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 828 949 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –   - 828 949 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджетке берілетін 2 679 437 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған қала бюджетінің түсімдер құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 4-қосымшаға сәйкес есепке алынсын.
  3. 2025 жылға арналған қала бюджетінде қалалық бюджеттен кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттеріне берілетін 268 359 мың теңге сома субвенциялар көлемдері көзделгені есепке алынсын, соның ішінде:

Ақсу кенті – 46 381 мың теңге;

Бестөбе кенті – 16 073 мың теңге;

Заводской кенті – 18 316 мың теңге;

Шаңтөбе кенті – 48 875 мың теңге;

Қарабұлақ ауылы – 34 902 мың теңге;

Изобильный ауылы – 32 749 мың теңге;

Қырық құдық ауылы – 38 689 мың теңге;

Бөгенбай ауылдық округі – 32 374 мың теңге.

  1. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 187 347 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                             

 

Қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                О. Джагпаров

 

 

Шешім
Дата публикации
18 февраля 2025