№8С-17/8 от 28.11.2024ж. шешімі

Степногорск қалалық мәслихатының

2024 жылғы 30 мамырдағы

№8С-12/4 «Степногорск қаласы

әкімдігі жанындағы тұрғын үй

комиссиясының құрамын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № А-11/461 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № А-5/224 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясын құру туралы», Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 8С-12/4 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

комиссия құрамына Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мақшанов Талғат Жұмағалиұлы комиссия мүшесі болып енгізілсін;

комиссия құрамына Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Төлегенова Шолпан Қуанышқызы комиссия мүшесі болып енгізілсін;

комиссия құрамына Степногорск қаласы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы Исаева Алтынай Амантайқызы комиссия мүшесі болып енгізілсін;

комиссия құрамына Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Таукелова Шолпан Закарьянқызы комиссия мүшесі болып енгізілсін;

комиссия құрамынан Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі Баязитов Бақтияр Әлімжанұлы шығарылсын;

комиссия құрамынан Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі Яковлева Любовь Анатольевна шығарылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                              О. Джагпаров

 

Шешім
Дата публикации
17 февраля 2025