№8С-17/7 от 28.11.2024ж. шешімі

Степногорск қалалық мәслихатының

2024 жылғы 26 тамыздағы № 8С-14/4

«Степногорск қалалық мәслихатының

2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/3

«Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы

терроризмге қарсы комиссиясының құрамын

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына, «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы     № 589 Жарлығына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № А-11/499 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № А-8/318 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № А-3/112 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құру туралы» қаулысы негізінде, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 тамыздағы № 8С-14/4 «Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/3 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

- Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

- Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

- террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

- мемлекеттік органдардың терроризм актілерінің салдарын азайтуға және (немесе) жоюға әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                       О. Джагпаров

Решение
Дата публикации
17 февраля 2025