№8С-17/6 от 28.11.2024ж. шешімі

Степногорск қалалық мәслихатының

2024 жылғы 28 маусымдағы №8С-13/5

«Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы

жер учаскелеріне меншік немесе жер пайдалану

құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының

құрамы мен ережесін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қазандағы № А-10/446 «Степногорск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы №8С-13/5 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы жер учаскелеріне меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

        комиссия құрамына:

        Жанасыл Сабырұлы – Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

        Жұмабаев Қайрат Қайыркенұлы - Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;        

        Таукелова Шолпан Закарьянқызы - Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі енгізілсін.

        Комиссия құрамынан:

        Баетов Мұрат Сәкімбайұлы - Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

        Игберденов Асхат Кәкімұлы - Степногорск қаласының сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;

        Шалтаев Нұрлан Мырзабекұлы - Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі шығарылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                              О. Джагпаров

 

 

Решение
Дата публикации
17 февраля 2025