№8С-17/4 от 28.11.2024ж. шешімі

Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/3 «2024 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

 «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабының 12-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/3 «2024 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

««Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының  8-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабының 12-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер                           әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы                № 72 бұйрығына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі                          туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген), бұйрығына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихатының төрағасы

                                         

   О. Джагпаров

 

Решение
Дата публикации
17 февраля 2025