Степногорск қалалық мәслихатының
он жетінші (кезектен тыс)
сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/2 «2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Төлегенова Шолпан Қуанышқызының ақпараты.
2) Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-9/8 «Кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Төлегенова Шолпан Қуанышқызының ақпараты.
3) Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/3 «2024 жылға арналған тұрғын ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Төлегенова Шолпан Қуанышқызының ақпараты.
4) Степногорск қаласында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна ставкаларын бекіту туралы;
Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы - Елеуіпов Муфтада Амангелдіұлының ақпараты.
5) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/5 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жер учаскелеріне меншік немесе жер пайдалану құқығын беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы - Оспанов Дархан Қайырбайұлының ақпараты.
6) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 тамыздағы № 8С-14/4 «Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/3 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы - Құсайынова Ләззат Жанатқызының ақпараты.
7) Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 8С-12/4 «Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы - Мақшанов Талғат Жұмағалиұлының ақпараты.
Қалалық мәслихаттың
төрағасы О. Джагпаров