№8С-18/11 от 23.12.2024ж. шешімі

 

Степногорск қаласы әкімдігінің

жанындағы жастар істері жөніндегі

кеңес құрамын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                              1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамы бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамы бекітілсін.

  1. Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 6С-39/6 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихаттың

төрағасы                                                                                       О. Джагпаров

 

Шешім
Дата публикации
14 февраля 2025