№8С-18/5 от 23.12.2024ж. шешімі

Степногорск қаласы әкімдігінің

2024 жылғы 23 желтоқсандағы

№ А-12/543а қаулысы

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының

2024 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 8С-18/5 шешімі

 

 

Степногорск қаласының

әкімшілік-аумақтық

құрылысын өзгерту бойынша

ұсыныс енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облыстық мәслихатына және Ақмола облысының әкімдігіне 1 - қосымшаға сәйкес Ақкөл ауданы, Жалғызқарағай ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін Степногорск қаласының шекарасына 74060,7 га беру арқылы Степногорск қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізілсін.
  2. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы мен Степногорск қалалық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Степногорск қаласының әкімі                                                        Г. Қасенов

 

 

Степногорск қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                О. Джагпаров

Щешімі
Дата публикации
14 февраля 2025