Степногорск қалалық мәслихатының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-9/2
«2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 16 116 173 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 9 279 275,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 49 116,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 41 047 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 6 746 734,3 мың теңге;
2) шығындар – 16 231 647,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 1 199 865,5 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 199 865,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 218 525,1 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 218 525,1 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 865 865,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 865 865,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Степногорск қалалық
мәслихатының төрағасы О. Джагпаров